Танымал актер Чедвик Боузман қатерлі ісіктен қайтыс болды
Танымал актер Чедвик Боузман қатерлі ісіктен қайтыс болды
«Қара пантера» (2018) фильмінде басты рөлді ойнаған актер Чедвик Боузман 43 жасында қатерлі ісіктен қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Бұл туралы жұма күні Associated Press (AR) оның отбасының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
"Нағыз күрескер Чедвик аурумен ұзақ күресті және көрермендеріне көзайым боп, көптеген фильмдер сыйлады", - делінген агенттік мәлімдемесінде.
AR Боузманға төрт жыл бұрын ішектің қатерлі ісігі диагнозы қойылғанын атап өтті. Ол Лос-Анджелестегі үйінде, отбасының жанында қайтыс болды.
Ең танымал фильмдердің басты рөлінде ойнады: "Первый мститель: Противостояние" ,"Маршалл" ,"21 мост" т.б.