Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста күміс медаль алды
Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста күміс медаль алды

"Чиншанло 55 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 200 (85 + 115) килограмм көтерді", - делінген ҰОК хабарламасында.205 (95 + 110) килограмм көтерген турнир қожайыны, Өзбекстан спортшысы Муаттар Нәбиева бірінші орынды иеленді. Польшадан келген ауыр атлет Йонна Лочовска үшінші орынды қанағат тұтты. Оның нәтижесі – 185 (80 + 105) килограмм. Айта кетейік, Чиншанло 2012 жылы Олимпиада чемпионы болған кезде, қоссайыс қорытындысы бойынша 226 (95 + 131) килограмм көтерген болатын. Кейін допинг қолданғаны үшін алтын медалінен айырылды.