Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 44-ке жетті
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 44-ке жетті
Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 44-ке жетті, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.
Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округінің 1977 ж. тұрғынында расталды. Ол 4 сәуір күні қайтыс болған 1956 ж. Жетісай ауданының азаматымен жақын байланыста болған.
Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 15 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда - 5, Ордабасы - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан.
Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.