Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 44-ке жетті

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 44-ке жетті

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 44-ке жетті
ашық дереккөзі
Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 44-ке жетті, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Жетісай ауданы,  Ынтымақ ауылдық округінің 1977 ж. тұрғынында расталды. Ол 4 сәуір күні қайтыс болған 1956 ж. Жетісай ауданының азаматымен жақын байланыста болған. Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 15 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ,  Кентауда - 5, Ордабасы  - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.