Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақтар қай нәсілге жатады: біз нәсілге бөлінеміз бе?

Қазақтар қай нәсілге жатады: біз нәсілге бөлінеміз бе?

Қазақтар қай нәсілге жатады: біз нәсілге бөлінеміз бе?
ашық дереккөзі
 width= Әлеуметтік желі пайдаланушылары қазақтар қай нәсілге жатады деген сұрақтың аясында қызу пікірталасқа түсуде, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Oinet.kz сайтына сілтеме жасап.
"Егер сіз қазақ болсаңыз, өзіңізді қай "нәсілге" жатқызасыз? Ақ нәсілді? Азиаттық? Әлде ортаазиялық? Мені отбасым Қазақстаннан бағып алған, сол себепті АҚШ-тан тыс аумақтарда бұл туралы не айтатынын білмеймін. Мен өзімді қайсыған жатқызсам болады?" - дейді Reddit қолданушысы.
Желінің басқа да қолданушылары АҚШ-тан тыс мұндай нәсілдік бөлінушілік жоқ екенін айтуда. Ал АҚШ-тың халық санағы бюросы бойынша қазақстандықтар ақ нәсілге жатқызылады екен.
"АҚШ-тың халық санағы бюросы 1997 жылы қабылданған нәсілдік және этникалық қатыстылық бойынша басқару және бюджет стандарттары ережелерін сақтауы керек. Ақ нәсілділерге Еуропадан, Орта Азия және Солтүстік Африка мемлекеттерінен шыққандар жатқызылады", - делінген бюроның ресми сайтында.
Айта кетейік, АҚШ-та азаматтарды ақ, қара (афроамерикалық), америкалық үндіс немесе Аляскада туған, азиаттық, Гавайида туған немесе Тыных мұхит аралдарында туған деп бөліну қарастырылған.