weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

90 мың адамды түрмеден босатады

90 мың адамды түрмеден босатады

90 мың адамды түрмеден босатады
ашық дереккөзі
Түркия парламенті коронавирусқа байланысты 90 мыңға жуық адамды түрмеден босату туралы заңнаманы мақұлдады. Бұл құжаттың қабылдануын 279 адам қолдап, 51 депутат қарсы шыққан, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бірақ дереккөз мәліметінше, құқық қорғаушылар мен белсенділер Түркия билігін сынға алып жатыр. Себебі бұл заңнама саяси айыптармен сотталғандарға қатысты емес екен.
Сондай-ақ, дауыс беру алдында Түркияның әділет министрі Абдулхамит Гюльдің коронавирус анықталған үш сотталушының түрмеде қайтыс болғанын хабарлағаны айтылады.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Түркияда 61 049 адам COVID-19 жұқтырған. Осыған байланысты Түркия билігі қатаң шектеу шараларын қабылдап жатыр. Мұның алдында Иран билігі де коронавирусқа байланысты 85 мың адамды түрмеден босатқан еді.