Алматыда коронавирустың екінші толқынына байланысты талдау жұмыстары жүргізілді
Алматыда коронавирустың екінші толқынына байланысты талдау жұмыстары жүргізілді
Алматыда коронавирус пандемиясының екінші толқыны жағдайында дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін талдау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы әкімдігінің қаланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев мәлімдеді.
Қалада дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында, оның ішінде коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық кезінде, қаланың қажеттіліктері болжанды.
"Алдағы уақытта нарықты тұрақтандыру үшін біз талдау жұмыстарын жүргіздік. Өткен жылғы күзгі-қысқы кезеңдерге қарап, қандай сатылымдар, қандай жеткізілімдер жүзеге асырылғанын сараладық. 2019-2020 жылдарға, қазаннан ақпан айына дейінгі аралықты негізге ала отырып, талдау жасадық. Жеткізушілер қанша дәрі-дәрмекті жөнелтіп, қазіргі тұрақтандыру қорындағы дәрі-дәрмектердің қаншасын жеткізе алғанын сараладық", - деп атап өтті З. Сәлімбаев.
Оның айтуынша, дәрі-дәрмектердің бір түрін ғана емес, аналог препараттарымен де барынша қамту қарастырылған. 2019-2020 жылдың күзгі-қысқы кезеңін ескере отырып, азаймайтын қор қарастырылған, ол бір айда сатылатын дәрінің орнын жабатын болады. Осыған байланысты жеткізушілерден міндетті түрде қоймаларда 8 млн-нан астам дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қаптамасын құрайтын азаймайтын қордың болуы талап етіледі.
"Біз келіссөздер жүргізіп, жеткізушілерге, қоймаларда азаймайтын дәрінің қоры болуына төмендегі шарттарды қойдық: үш айлық жеткізілім көлемінің 40% - ы қоймада заттай түрде болады, ал көлемнің 60% - ы ай сайын, апта сайын және үнемі айналымда болады", - деді ол.
Сонымен қатар, қаладағы ауруханаларды тұрақтандыруға арналған резервтік қор бар. Жеткізілімдер бұзылған жағдайда, ауруханалардағы дәрі-дәрмектердің нақты қанша қалғанын көрсететін бағдарлама жасалады. Ең төменгі мәнге жеткенде, белгілі бір препараттың қорын азайту туралы сигнал береді.
"Цифрландыру жүйесі - қай дәріханада қандай препараттар бар екенін, қандай бағамен сатылып жатқанын және т.б. көрсететін бағдарлама әзірленуде. Сонымен қатар, бұл жүйе ауруханаларға қоймалардағы дәрі - дәрмек қорын көруге, ескерту үшін жұмыс істеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті З.Сәлімбаев.