Күйеуімнің ағасы зорлады

Күйеуімнің ағасы зорлады

ашық дереккөзі

3 баламен жесір қалған келіншек марқұм күйеуінің туған ағасы қырыңдап жүргенін айтып сырымен бөлісті, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі. Өзін Айсапар деп таныстырған әйелдің жасы 28-де. Осыдан 1 жыл бұрын күйеуі өмірден өтіп, үш баласымен жесір қалады. Арадан көп уақыт өтпей қайынағасының қырыңдай бастағанын байқаған ол, не істерін білмей жүргенін айтты. «Жолдасым көлік апатынан қайтыс болды. Алғашқы екі-үш ай мен үшін мұны қабылдау өте қиын болды. Сосын, жүз күндік асын өткізген соң, балаларым үшін өзімді қалыпқа келтіруге тырыстым. Күйеуімнің ағасының қызық әрекеттері де осы кезден басталды. Үйге жиі келіп, қасымнан шықпайтынды шығарды. Туған ағамдай көрген соң, мән бермегем. Кейін ғана қырыңдап жүргенін анық байқаған мен, оны көргім келмейтін болды. Сондай күндердәі бірінде қайынағам үйге  тағы келді. Түскі уақыт, балаларым мектеп, кенже ұлым бала бақшада еді. Ары беріден соң, күш көрсетіп, зорламақ болды. Атпалдай азаматқа әлім жетсін бе? Ақыры дегеніне жетті», - дейді Айсапар көзіне жас алып. Болған оқиғаны ата-енесіне айтқанайсапар қайынжұртынан әбүйір таппаған. Бар әңгімені естіген туыстары «жала жауып отырсың» деп үйден қуып жіберіпті. Ал, қайынағасы жасаған әрекетін жоққа шығарып, туған-туыстың арасында қол көтеріп, күш көрсеткен. Құзырлы органдарға шағым жасаса, ел-жұртқа масқара болатынын ойлаған келіншек, амалы таусылып жүргенін айтады.

Жүктелуде...