«Мектептен берілген компьютерді бұзып алса ақшасын төлейді» - Жандос Тұяқов

«Мектептен берілген компьютерді бұзып алса ақшасын төлейді» - Жандос Тұяқов

ашық дереккөзі

 width= Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқу үшін мектептен берілген компьютерді бұзып алған жағдайда оның ақшасын төлеуіңіз ғажап еместігін ескертті. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Аstanatv.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бірақ тиісті техникамен қамтамасыз етілмеген оқушылар әлі де бар. Білім және ғылым министрі 1-ші қыркүйекке дейін компьютерлерді үлестіріп үлгеретіндеріне сенімді. Бірақ, құрылғы бұзылған жағдайда құнын кім өтейтінін жауап берді.

– Заңнамаға сәйкес іске асырылатын болады. Бізде мемлекеттік мүлік туралы заң бар, азаматтық кодекс. Осы заңның 72-ші, 76-шы баптары осы мәселені қадағалайды. Сондықтан бұл заң шеңберінде шешіледі, – деді Асхат Аймағамбетов.
Заңгердің айтуынша, уақытша техниканы бұзып алған жағдайда міндетті түрде құны өтелуі тиіс.
– Істен шығарған жағдайда міндетті түрде құны өтелуі тиіс. Ерікті түрде не сот арқылы мемлекеттің пайдасына жүзеге асырылатын болады, – деді Жандос Тұяқов.
Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі ол мектептегі кезекші сыныптар. Қазір бұл жаңашылдыққа 500 мыңнан аса ата-ана өтініш берген. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова оқушылар не ұстаздар арасында коронавирус жұқтырғандар табылса, мектеп жұмысы тоқтатылатынын ескерті.

Жүктелуде...