Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мүслім Алтынбаевты қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды", - делінген ақпаратта.