Жаңалықтар

Халықтың 70%-ын вакциналау қажет - ДДҰ

Халықтың 70%-ын вакциналау қажет - ДДҰ

 width= Жаңа коронавирусқа иммунитетті қалыптастыру үшін вакциналаумен қамту әлемнің 65-70% халқын құрауы тиіс. Бұл туралы брифинг барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Брифингте С.Сваминатан «Ұжымдық иммунитетті табиғи жолмен қалыптастыру тиімді бола ма?», - деген сұраққа жауап берді. «Иммунитетке қол жеткізудің ең дұрыс әдісі – вакциналау. Және онымен қамту 65-70% кем болмауы тиіс», - деді ол. Өз тарапынан ДДҰ сарапшысы Мария ван Керкхове атап өткендей, ұжымдық иммунитетті табиғи жолмен қалыптастыруға талпыныстар қауіпті болмақ және ол өлім-жітімнің артуына алып келеді. Оның айтуынша, вакциналау халықты қорғаудың ең тиімді тәсілі болып табылады. «Бүкіл әлемде қауіпсіз және тиімді вакцинаны әзірлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде», - деді М.Керкхове.