«Пара берсең шығасың, бермесең полицейлер істемеген қылмысыңды мойындатады» - заңгер

«Пара берсең шығасың, бермесең полицейлер істемеген қылмысыңды мойындатады» - заңгер

ашық дереккөзі

 width= Танымал заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook парақшасында Бас Прокуратура, Ішкі Істер Министрлігі және Жемқорлыққа қарсы агенттіктің назарына деп бір бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Ол жариялаған бұл видеода Сайрам ауданының полиция қызметкерлерінің адамдарды ұрып-соғып істемеген қылмысын мойындататыны айтылған. «Бас Прокуратура назарына! Ішкі Істер Министрлігінің назарына! Жемқорлыққа қарсы агенттіктің назарына! Басты куәгер кімнің атқанын көрген, алайда Сайрам ауданының полиция қызметкерлері басқа адамды ұрып соғып мойындатқан! «30000 $ берсе істі 99-баптан, 104-бапқа ауыстырамыз» - деп уәде берген екен! Прокурор ұрып соғып жатқанын көріп тұрып, ешқандай шара қолданбаған! Пара берсең шығасың, бермесең ұрып соғып істемеген ісіңді істедің деп мойындатады!», - деп жазады заңгер. Сөзіне дәлел ретінде Сайрам ауданы тұрғындарының бірінің шағымы көрсетілген бейнежазбаны қоса жариялаған. https://www.facebook.com/100007981087790/videos/2745890555686954

Жүктелуде...