weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Коронавирустан кейін Қазақстанды туберкулез жайлап кетуі мүмкін

Коронавирустан кейін Қазақстанды туберкулез жайлап кетуі мүмкін

Коронавирустан кейін Қазақстанды туберкулез жайлап кетуі мүмкін
ашық дереккөзі
 width= Көкшетауда облыстық туберкулезге қарсы диспансерде өткен жиынға қатысушылар коронавирус індетінен кейін елде туберкулез жайлап кетуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі 24 хабар сайтына сілтеме жасап. Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде өткен жиынға аймақ дәрігерлерімен қатар, осы саланың республикаға белгілі мамандары онлайн режимде қатысты. Ал конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, туберкулездің көбеюіне адамдардың әлсіз иммунитеті себеп болуы мүмкін. Өйткені қазір көп адам жұмыссыз болғандықтан, тиісті тамақ пен қажетті витаминдерді уақытында тұтына алмайды. Әсіресе тұрақты мекен-жайы жоқ, далада түнеп жүрген үйсіз-күйсіз жандардың жағдайы өте қиын. Сондықтан да оларды қазірден бастап қамқорлыққа алу қажет. "Мүмкін қолданыстағы заңнаманы өзгерту керек шығар. Әлде үй-күйі жоқ жандарды қамқорлыққа алу үшін бөлек заң шығару қажет болар. Не де болса осы салаға жіті көңіл бөлуіміз керек. Себебі ауруға алдымен солар шалдығуы мүмкін", – дейді ҚКХП Ақмола облыстық филиалының бірінші хатшысы Олжас Сыздықов. Аталған аурудың алдын алуды көздеген "Игілік" қоғамдық қоры мен Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері жиында айтылған мәселелер үкіметтік деңгейде көтеріледі деп сенім артады.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→