Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Қайырымды жандар Шардара ауданындағы 12 отбасыға баспана сыйлады

Түркістан: Қайырымды жандар Шардара ауданындағы 12 отбасыға баспана сыйлады

Түркістан: Қайырымды жандар Шардара ауданындағы 12 отбасыға баспана сыйлады
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Шардара ауданында 12 отбасы баспаналы болды. Жергілікті кәсіпкерлер мен демеушілердің арқасында тұрғын үйге қол жеткізген жанұяларға аудан әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетіп келеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан тұрғындарының бірі Данияр Нысанбаев туғаннан мүгедектіктің зардабын тартып келеді. Жуырда аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шардара» мектеп-лицейінің түлектері I топ мүгедегі мен 3 баланың әкесіне қала орталығынан баспана тарту етті. Жылдар бойы жалдамалы пәтерде тұрып келген мұқтаж отбасы бүгінде жаңа үйлеріне қоныстанған. Олардың жағдайымен танысуға аудан әкімінің орынбасары Б. Шомпиев пен қала әкімі Е.Бекет, аудандық орталық мешітінің бас имамы А.Қасым және аудандық мүгедектер қоғамының басшысы Қ.Ерназаровтар барып, отағасымен кездесіп қайтты. Тұрмысы төмен жанұяға қолдау көрсетіп, тұрмыстық техника мен төсеніштер сыйға тартты. Қамкөңіл жандардың қуанышымен бөлісіп, тағы да басқа қажеттіліктеріне көмектесетіндіктерін айтып өтті. Аудан әкімдігінің мәліметінше, жыл соңына дейін аталған бағдарлама аясында тағы да 3 тұрғын үйді тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар шалғай ауданында мемлекет тарапынан төртқабатты 40 пәтерлі 2 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуда. Яғни жыл соңына дейін үй кезегінде тұрған 80 отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Бүгінгі таңда Шардара ауданында атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген 1713 отбасы болса, оның ішінде баспанасы жоқ тұрғын үйге мұқтаж 12 тұрмысы төмен көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасылар баспанамен қамтамасыз етіліп отыр. «Ауданда «Қамқорлық» бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған, қала, ауылдық округтерден анықталған 58 отбасыға демеушілер есебінен 2 599,2 мың теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді. Сондай-ақ, 58 отбасының еңбекке жарамды 24 мүшесі жұмыспен қамтылған. Жалпы сомасы 25,7 млн теңгеге демеушілер есебінен 6 отбасыға тұрғын үй берілді. Аудан бойынша «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне, «Батыр аналар» мен көпбалалы аналарға, жағдайы төмен отбасыларға жергілікті әкімдік тарапынан үнемі көмек көрсетіліп келеді»,- дейді Шардара ауданы әкімінің орынбасары Б. Шомпиев.