Бүркітші қыз Айшолпан Елорда төрінде

23 Қаңтар, 2019 1433 0

Ертең Астанада әлемге танымал қазақтың бүркітші қызы Айшолпан Нұрғайыпқызының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясында құсбегілік өнерін әлемге әйгілі еткен Айшолпанның «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасымен кездесуі жайында және Астана қаласындағы «SPECTRUM» Халықаралық мектебіндегі оқу барысы туралы сөз қозғалмақ.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 9-15 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінде өткен ХV халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары өз жетістіктерімен бөліседі.

Спикерлер: «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте;

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева; Атырау «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Айбек Мырзатаев; «SPECTRUM» халықаралық мектебінің оқушысы Жан Құрбанбаев.

Биыл халықаралық XV Жәутіков олимпиадасын да «Білім-инновация» лицейінің (БИЛ) оқушылары олжалы оралды. БИЛ оқушылары 4 алтын, 11 күміс және 19 қола, жалпы 34 медаль жеңіп алды.

Фото: ашық интернет көзінен

Тегтер: Айшолпан, бүркітші, Астана, шара

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.