Қырғыз шекарасында атыс болып, қазақстандық мерт болды

23 Қаңтар, 2019 798 0

Қазақстан - Қырғызстан шекарасындағы атыстан бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК сайтына сілтеме жасап. 

«2019 жылдың 23 қаңтарында Тараз шекара отрядының «Жас өркен» шекара заставасына қарсы участікте Қырғыз Республикасының шекарашылары Қырғызстаннан Қазақстанға 10 жылқы айдап әкетпек болған 3 шекара бұзушыны ұстауға тырысқан. Оқиға барысында құқық бұзушылар суық қару қолдану арқылы қарсылық танытқан. Осы жағдайда қырғыз шекарашылары қару қолданған. Қару қолдану кезінде құқық бұзушылардың бірі жарақат алған. Қалған екі белгісіз адам аттармен бірге Қазақстан Республикасының аумағында жасырынған», - делінген комитеттің хабарламасында. 

Сағат 12.15-те жарақат алған шекара бұзушы (Қазақстан Республикасының азаматы, тергеу мүддесі үшін ол туралы мәлімет жарияланбайды) Талас ауруханасына апарар жолда көз жұмды. 

Қазіргі уақытта Тараз шекара отряды шекара бұзушылары мен жылқыларды іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. ҚР ҰҚК  шекарада көз жұмған адамның бұрын сотты болғаны анықталды.    


Тегтер: шекара, өлім, атыс, Қазақстан, Қырғызстан, ҰҚК

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.