Қазақстанда 211 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
Қазақстанда 211 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
Елімізде 211 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
"Осы уақытқа дейін медицина қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырудың 211 дерегі тіркелді. Бұл - республика бойынша індетті жұқтырғындардың 20,5 пайызы. Ауруды жұқтырудың барлық дерегі медицналық ұйымдарда тіркелді. Мұндай жағдай еліміздің 13 өңірінде анықталды. Ауруды жұқтыру басым бөлігі - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарына тиесілі", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Медициналық қызметкерлер арасында COVID-19 инфекциясының жұқтыруының негізгі себептері:
- Медициналық ұйымдар басшыларының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың персоналды, атап айтқанда жеке қорғаныс құралдарын, дезинфекциялау құралдарын, сондай-ақ мемлекеттік санитарлық қорғау стандарттарының талаптарына сәйкес үнемі нұсқаулардың болмауы;
- Объектілердің техникалық жағдайы талаптарға сәйкес келмейді - "таза" және "лас" аймақтарға нақты бөліну жоқ;
- Еңбек режимін бұзу:
- Медициналық қызмет көрсетушілердің өздері COVID-19-ға төмен сақтықпен қарауы.