WhatsApp мессенджерінде ірі ақау шықты

23 Қаңтар, 2019 986 0

Сейсенбіде, 22 қаңтарда әлемдегі ең танымал мессенджер - WhatsApp жұмысында ірі ақау пайда болды. Бұл туралы танымал интернет-ресурстардың жұмысын бақылап отыратын Downdetector сервисі хабарлады.  

Сервистің жұмысында АҚШ-тың Шығыс жағалауында сағат 13:17-де (Астана уақыты бойынша 23 қаңтар 00:17-де) қиындықтар пайда болды. Еуропа, Бразилия, АҚШ, Мексика, Ресей және басқа да елдерде де мессенджер істемей қалған.

Сервистегілердің мәліметінше, қолданушылар хабарламаны жіберу және қабылдау бойынша қиындықтарға тап болған - 40 пайыз. 37 пайызында Желіге қосылу мәселесі туындаған. Тағы 22 пайызында тіркелуде қиындықтар туып, өз аккаунтына кіре алмаған. 

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Тегтер: WhatsApp, мессенджер, ресурс, жұмыс, ақау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.