Италияда қазақстандықтар мінген кеме апатқа ұшырады
Италияда кеме отқа оранып, суға батып кеткен. Жолаушылардың ішінде қазақстандық туристер болған. Lady MM кемесі Капри аралынан Сардиния аралына бара жатқан жолда өртенген. Өртеніп, кейін суға батып бара жатқанын жағалау күзеті видеоға түсіріп алған. Апат кезінде бортта 17 адам болған. Оның сегізі – қазақстандық турист, ал қалған 9-ы — экипаж мүшесі. Олар шағын қайыққа отырып, қауіпсіз жерге шыққан. Сол жерден жағалау күзеті құтқарып алған. Өртті екі катер және тікұшақ сөндірді. Оның неден шыққаны белгісіз.Белгілі өзбек актрисасы коронавирустан қайтыс болды
Өзбек ұлттық академиялық драма театрының актрисасы, Өзбекстанның халық әртісі Дибльбар Икрамова 25 тамызда 73 жасында қайтыс болды. Актриса коронавирус жұқтырғаннан кейін қайтыс болған.Нұрсұлтан Назарбаевқа «чемпион» мәртебесі берілді
Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды. Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болды», – дейді министрліктегілер.«Абай болыңыздар» деп аудиожазба таратқан алматылық дәрігер қайтыс болды
Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Асылханұлы қайтыс болды. Әлеуметтік желілерде алматылық дәрігердің аудиожазбасы тараған болатын. «Менің екі хирургым ауырып қалды, олар науқастармен байланыста болды, сонда жұмыс істеді. Біреуі жансақтау бөлімінде жатып, әрең есін жиды, екіншісі тіптен жатып қалды. Ал бүгін біздің меңгерушіміз ауырып қалды. Ауруханалар науқастарға толы. Жансақтау бөлімінде орын жоқ. Аппараттар жеткіліксіз. Бұл шындық. Тіпті жағдайы орташа ауыр науқастар үйлерінде қалып жатыр. Сізге ешкім дәрі бермейді. Сондықтан тағы да айтамын, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар, абай болыңыздар», – деген еді Болат Түсіпханов аудиожазбада.Тұрмысқа шыққан 13 жасар қыз өз үйіне қайтарылды
Атырау облысы ювеналды полициясының қызметкерлері бір аптаға жуық 18 жасар жігіттің үйінде тұрған 13 жасар қызды өз үйіне қайтарды. Екі жақтың ата-аналары бұл некеге келіскенімен, полиция бұны заң бұзушылық деп тапты. 25 тамызда Атырау облысында 13 жасар қыз тұрмысқа шықты деген ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Бұл мәселеге кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметкерлері қызығушылық танытты. Тексеру барысында Атырау қаласындағы Привокзальныйда тұратын қыздың өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Миялылық жігітпен кездесіп жүргені анықталды. Көп ұзамай олар үйленеміз деп шешім қабылдаған. Ал үш баланы жалғыз өзі асырап отырған ана белгілі себептермен ортаншы қызын тұрмысқа беруге келіскен. Тіпті, күйеу жігіттің ата-анасы «келін түсіру» рәсімін де өткізген», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиғаның мән-жайын анықтаған ювеналды полиция қызметкерлері қыздың анасына қоңырау шалды. Жасөспірім қыз аудандық аурухананың гинекологына қаралды. Сараптама қорытындысы бойынша мектеп оқушысының жыныстық қатынасқа түспегені белгілі болды. Сондай-ақ денесінде дене жарақаттары табылмаған. Басылымның мәліметінше, жасөспірім қыз 18 жастағы сүйіктісінің үйінде бір аптаға жуық тұрған. Жастардың ата-аналары бірауыздан балалар бір-біріне шын жүректен ғашық екенін айтып отыр. Полиция тексеруінің нәтижесінде кәмелетке толмаған қыз өзі үйіне оралды. Ол оқуын да жалғастыратын болды. Биыл ол сегізінші сыныпқа көшті.Назарбаев Тоқаевпен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының сайлауалды платформасының негізгі тұстарын талқылады. Бұл ақпарат жайында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.