Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Экс-прокурор мен банк топ-менеджері қыз зорлады деген күдікке ілінді

Экс-прокурор мен банк топ-менеджері қыз зорлады деген күдікке ілінді

Экс-прокурор мен банк топ-менеджері қыз зорлады деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
 width= Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына бұрынғы прокуратура қызметкері мен банктердің бірінің топ-менеджері қызды зорлағаны туралы іс келіп түсті. Бұл туралы онлайн-брифингте адвокат Жанна Уразбахова айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Кеше іс сотқа жолданды. Сондай-ақ кеше алдын ала сот отырысы өтті. Оқиға 2019 жылы Алматының Бостандық ауданында 8 қарашаға қараған түні болған. Жігіт қызды алдап шақырған, жалғыз боламыз деп айтқан, бірақ ол пәтерде бөтен адамдар бар екенін, алкоголь ішкенін айтпаған. Содан жігіт жанжал шығарып, қызды ұра бастаған, содан кейін достары да қызға қол көтере бастаған. Қызды қорлаған. Екі күдікті қызды таңғы алтыға дейін зорлаған. Іс екі бап бойынша сотқа жолданды. Кейін анықталғандай олардың бірі - прокуратураның бұрынғы қызметкері, екіншісі - банктің топ-менеджері", - деді ол.
Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі ол адамның 2012 жылы органнан кеткенін атап өтті.