Депутаттардың жалақысы туралы мәліметті таратуға болмайды
Депутаттардың жалақысы туралы мәліметті таратуға болмайды

"Ереженің 37-тармағына сәйкес таратылуы шектеулі құжаттар мен басылымдардан алынған мәліметтерді сөз сөйлеуде немесе ашық баспасөзде, радио және теледидар арқылы хабарларда пайдалануға жол берілмейді. Осыған байланысты осы мәселе бойынша ақпарат беру мүмкін емес", - делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.Айта кетейік, Қазақстан Парламенті екі палатадан тұрады: Мәжіліс және Сенат. Мәжілісте 107 депутат бар. Оның 98-і саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша сайланады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - 5 жыл. Мәжілістің 2020 жылғы наурыздағы баспасөз қызметінің мәліметінше, палатада 106 депутат болған. Ал Сенатта 49 депутат бар. Оның ішінде 15 депутат палатада қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де маңызды мүдделерін қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып тағайындалады. Олардың өкілеттік мерзімі - 6 жыл.