Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасы бойынша айыпталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды. Ол кезде Қытай соты өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырды. Адвокат сот үкіміне қарсы шағым түсірді, бірақ апелляциялық сот үкімі де өз күшін сақтап қалды.
Қазір Ақжарқын Қытайда жазасын өтеп жатыр. Бірақ сотталған адамдарды беру туралы Қазақстан мен Қытай арасындағы келісім бойынша Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстыруға болады.
- Осы Келісімнің 4-бабының ережелеріне сәйкес, ауыстыру шарттарының бірі сотталған адамның жазбаша келісімі болып табылады.
Қазіргі уақытта қорғаушы тарап - Ақжарқын Тұрлыбайдың отбасы қызын Қазақстанға өткізіп берудің ықтимал процедурасын қарастыруда, бұл үшін Ақжарқынның өз келісімі керек. Ақжарқынның Қазақстанға ауысуының нақты уақыты біз үшін, әзірге белгісіз, бірақ біз оның мерзімінен бұрын оралуына мүдделіміз, деп мәлімдеді қыздың адвокаты.
Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Ол есірткі контрабандасы бойынша айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Өткен жылдың соңында іс Гуанчжоу сотында қаралды, бірақ сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған еді.