Тұрмысқа шыққан 13 жасар қыз өз үйіне қайтарылды

Тұрмысқа шыққан 13 жасар қыз өз үйіне қайтарылды

ашық дереккөзі

 width= Атырау облысы ювеналды полициясының қызметкерлері бір аптаға жуық 18 жасар жігіттің үйінде тұрған 13 жасар қызды өз үйіне қайтарды. Екі жақтың ата-аналары бұл некеге келіскенімен, полиция бұны заң бұзушылық деп тапты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақ Жайық газетіне сілтеме жасап. 25 тамызда Атырау облысында 13 жасар қыз тұрмысқа шықты деген ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Бұл мәселеге кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметкерлері қызығушылық танытты. Тексеру барысында Атырау қаласындағы Привокзальныйда тұратын қыздың өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Миялылық жігітпен кездесіп жүргені анықталды. Көп ұзамай олар үйленеміз деп шешім қабылдаған. Ал үш баланы жалғыз өзі асырап отырған ана белгілі себептермен ортаншы қызын тұрмысқа беруге келіскен. Тіпті, күйеу жігіттің ата-анасы «келін түсіру» рәсімін де өткізген», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиғаның мән-жайын анықтаған ювеналды полиция қызметкерлері қыздың анасына қоңырау шалды. Жасөспірім қыз аудандық аурухананың гинекологына қаралды. Сараптама қорытындысы бойынша мектеп оқушысының жыныстық қатынасқа түспегені белгілі болды. Сондай-ақ денесінде дене жарақаттары табылмаған. Басылымның мәліметінше, жасөспірім қыз 18 жастағы сүйіктісінің үйінде бір аптаға жуық тұрған. Жастардың ата-аналары бірауыздан балалар бір-біріне шын жүректен ғашық екенін айтып отыр. Полиция тексеруінің нәтижесінде кәмелетке толмаған қыз өзі үйіне оралды. Ол оқуын да жалғастыратын болды. Биыл ол сегізінші сыныпқа көшті.

Жүктелуде...