«Праймеризге қатысуды да, депутат болуды да армандаған емеспін» - заңгер
«Праймеризге қатысуды да, депутат болуды да армандаған емеспін» - заңгер
Танымал заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек праймериз науқанына қатысты ойын facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Оның праймеризге қатысып, депутат болу мүлдем ойында жоқ.
«Халық таңдаған депутат, қолдау іздемейді! «Мен праймеризге барамын», «депутат болып өзгерткім келіп жатыр», «мені қолдашы» - деп мені әр жерге тектеп, менен қолдау іздеудің қажеті жоқ! Ол орынға лайық болсаң, халық өзі ақ ұсынып, қолдайды! Егер қолдауың жоқ па, яғни халық үшін ештеңе істемегенсің, ертең депутат болып сайланып жатсаңда, еш нәрсе істемейсің де! Отыз жыл бойы «маған дауыс берсеңдер, бәрін қатырамыз» - деген ұранды сөзден халық жалықты!, - деп жазады заңгер.Сонымен қатар ол өзінің жұрттан дауыс сұрап жалбарынып жүретіндердің қатарынан емес екенін айтқан. «Қолында билік, қызметі жоқ кезде қоғам үшін пайдасын тигізбеген адам қолына билік бергенде де қызмет етіп қарық қылады деп ойламаймын! Өз өзіңді және халықты алдама! Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама! Сайлауға түсіп өз бағыңды сынап көргің келді ме? Біреуден қолдау іздемей, халыққа қызмет жаса, халық бұрынғыдай қараңғы емес! Өз таңдауын өздері жасайды! Ал мені тыныш қалдыруларыңызды сұраймын! Праймеризге қатысуды да, депутат болуды да армандаған емеспін! Халыққа қызмет жасағысы келген адамға мандат та, қызмет те керек емес, тек ниет болса болды!», - дейді ол.