Жұмыста коронавирус жұқтырған мұғалімдерге 2 млн теңге беріле ме?

Жұмыста коронавирус жұқтырған мұғалімдерге 2 млн теңге беріле ме?

ашық дереккөзі

 width= Дәрігерлер сияқты, қызмет бабында, яғни кезекші сыныптарға сабақ беретін және шалғай ауылдардағы дәстүрлі білім беруді жалғастыратын мектептегі ұстаздар коронавирус жұқтырып алса, оларға 2 млн теңге көлемінде қызметтік өтемақы берілмейді. Бұл туралы бүгін журналистердің сұрағына жауап берген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Азаттық рухы сайтына сілтеме жасап. Министр пандемия кезінде қандай мұғалімдердің жұмысқа тартылмайтынын, сондай-ақ жұмысқа шыққан мұғалімдер коронавирус жұқтырса өтемақы берілмейтінін нақтылады.

«Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нұсқаулыққа сай, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдерге тиісті талаптар қойылған. 65 жастан асқан, қант диабетімен немесе басқа да созылмалы аурулармен ауыратын, жүкті болса, ондай әріптестеріміз жұмысқа тартылмайды. Оны біз мектеп диекторларына қатаң ескертіп айттық. Жұмысқа шығатын мұғалімдер дене қызуын өлшеп, тиісті санитарлық талаптарды сақтап отыру тиіс», - деді министр.
Білім министрі журналистердің «Коронавирус жұқтырған ұстазға өтемақы төлене ме?» деген сұрағына «Жоқ, өтемақы берілмейді» деп қысқаша жауап берді.

Жүктелуде...