Аймағамбетов: 530 мың оқушы мектепке барып оқиды

Аймағамбетов: 530 мың оқушы мектепке барып оқиды

ашық дереккөзі

 width= Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында 2,6 миллион оқушы қашықтан оқитынын мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі деректерге сәйкес, оқушылардың 80 проценті, 2,6 миллион оқушы қашықтан оқитын болады. 15 проценті кезекші сыныптарға барамыз деп отыр. Ата-аналар да өтініштерін берді. Осы санаттағы оқушылардың саны 530 мың баланы құрайды", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Министрдің айтуынша, ауылдарда орналасқан шағын мектептер де сабақ өткізеді. Бірақ эпидемиологиялық жағдайға баса назар аударылады. Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде барлық оқушының 5 проценті, яғни, 202 мың ауыл баласы мектепке барып, сабақ оқитын болады. Айта кетейік, 1-4 сыныптар мектепте аптасына үш күн оқиды деген жоспар бар. Оффлайн форматта тек 3-4 негізгі пән ғана оқытылады. Қалғаны онлайн режимде өтеді.
 

Жүктелуде...