Алматыда балабақша кезегінде 18000 бүлдіршін тұр

Алматыда балабақша кезегінде 18000 бүлдіршін тұр

«Балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту үшін біз Үкіметке жеке балабақшалардағы қосымша қызметтерге ата-аналардың ақы төлеуін жартылай жою жөнінде ұсыныс жасаған едік. Біздің бұл ұсынысымыз қолдау тапты, осы мақсат үшін жергілікті бюджеттен шамамен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетін болады», – деді Б. Сағынтаев.Осы оң шараның қолға алынуы арқасында жеке балабақшаларда қосымша 5 мыңға жуын орын ашылады деп күтілуде. Қалада 893 мектеп жасына дейінгі мекемелер жұмыс істейді, олардың 189 (21,2%) мемлекеттік, 704 (78,8% жеке балабақшалар. Бүгінгі күні 3 жастан 6 жасқа дейінгі 18 мыңнан астам бала кезекте тұр. 2021 жылы жобалық қуаттылығы 2 590 орын болатын 13мектепке дейінгі мекемені пайлануға беру жоспарланған. Ғимараттарды қайтару және оларды қайта қалпына келтіру арқылы қосымша 2200 орын ашылатын болады. Осылайша, 2020-2021 жылдары барлығы 12790 орын құрылады, ал бұл бала бақша кезегін 70%-ға төмендетеді.