Коронавирустың үш толқыны болуы мүмкін. Қалыпты жағдайымызға 2021 жылдың көктемінде ғана оралуымыз мүмкін. Бұл туралы иммунология және молекулалық биомедицина орталығының директоры Михаил Пальцев айтты, - деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Айтуынша, биыл күзде барлығы аяқталады деген болжамға сену қиын, өйткені карантинде оқшауланып отырған адамдардың иммунитеті әлсіз болады екен.
Пандемияның үш толқыны болатыны туралы болжамдар бар. Екінші толқыны біріншісінен қиындау болады, ал пандемияның үшінші толқыны әлсіздеу болады. Коронавирустың екінші толқыны күзде басталса, үшінші толқыны 2021 жылдың көктемінде басталады", - дейді академик.