Той өтіп жатқанын хабарлаңыз: 20000 теңге сыйақы береді

Той өтіп жатқанын хабарлаңыз: 20000 теңге сыйақы береді

ашық дереккөзі

 width= Батыс Қазақстан облысында заңсыз той және басқа да отбасылық шаралар туралы хабарлаған тұрғындарға берілетін сыйақының мөлшері бекітілді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Облыстық комиссияның отырысында банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, салтанатты, отбасылық, естелік, салттық және өзге де бұқаралық іс-шаралар (оның ішінде үйде өткізілетін іс-шаралар) туралы хабарлаған азаматтарға 20 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы беру жөнінде шешім қабылданды", - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқандарды ынталандыруға бағытталған шешім "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" ҚР заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес бірауыздан бекітілді.
"Заңбұзушылықты хабарлау тәртібі келесідей болады. Егер кез келген азамат көпшіліктің қатысуымен өтіп жатқан іс-шараларды байқаса, дереу 102 және 112 нөмірлері арқылы құзырлы органдарға хабарласа алады. Оқиға орнына полиция мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлерінен құрылған арнайы бақылау тобы келіп, құқық бұзушылық фактісін тіркейді. Егер құқық бұзушылық фактісі расталса, азаматқа 20 000 теңге сыйақы төленетін болады", - дейді мамандар.
   

Жүктелуде...