Жаңалықтар

Белгілі өзбек актрисасы коронавирустан қайтыс болды

Белгілі өзбек актрисасы коронавирустан қайтыс болды

 width=  width= Өзбек ұлттық академиялық драма театрының актрисасы, Өзбекстанның халық әртісі Дибльбар Икрамова 25 тамызда 73 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі мемлекеттің мәдениет министрлігіне сілтеме жасап. Актриса коронавирус жұқтырғаннан кейін қайтыс болған.
Дильбар Икрамова 1947 жылдың 17 шілдесінде Ташкент облысында дүниеге келген. Ол "Ай тұтылған түнде", "Үйлену", "Алтын қабырға", "Горизонт" және басқа да қойылымдарда ойнаған. 1980 жылдан бері  киноға түскен, қырыққа жақын фильмі бар. Ол "Келіндер бүлігі", "Шариф пен Мариф", "Жалғыз естелік", "Ғашықтар", "Сатқындық" және басқа фильмдердегі рөлдерімен танымал.