Италияда кеме отқа оранып, суға батып кеткен. Жолаушылардың ішінде қазақстандық туристер болған, - деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Euronews сайтына сілтеме жасап.
Lady MM кемесі Капри аралынан Сардиния аралына бара жатқан жолда өртенген. Өртеніп, кейін суға батып бара жатқанын жағалау күзеті видеоға түсіріп алған. Апат кезінде бортта 17 адам болған. Оның сегізі - қазақстандық турист, ал қалған 9-ы — экипаж мүшесі. Олар шағын қайыққа отырып, қауіпсіз жерге шыққан. Сол жерден жағалау күзеті құтқарып алған. Өртті екі катер және тікұшақ сөндірді. Оның неден шыққаны белгісіз.
https://www.youtube.com/watch?v=uNs5_2ghyUA&feature=youtu.be