Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жасөспірім қызды интимді видеомен бопсалап, 1 миллион теңге талап еткен

Жасөспірім қызды интимді видеомен бопсалап, 1 миллион теңге талап еткен

Жасөспірім қызды интимді видеомен бопсалап, 1 миллион теңге талап еткен
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысының тұрғыны жасөспірім қызды интимді видеомен бопсалап, одан ақша талап еткен, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі  "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. Жасөспірім көпшілік алдында ұятқа қалудан қорқып, әйелге талап етілген барлық соманы берген. Осылайша, үш ай ішінде бопсалаушы жәбірленушіден миллион теңге алыпты. Алайда содан кейін қыз әкесіне бәрін айтып берген. Ер адам полицияға арызданды, күдікті 120 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Күдікті төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол әшкерелейтін материалдарды қайдан тапқанын полиция жария етпеді. Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған жас келіншек Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шыққан. Айғақ зат ретінде одан ақша мен видео алынды. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.