5G туралы не білуіміз керек

21 Қаңтар, 2019 745 0

The New York Times 2019 жылы енгізілетін бесінші буындағы ұялы байланыс, яғни 5G туралы жазып, мұның адамдардың смартфон мен басқа да құрылғыларды пайдалануына қалай әсер ететіні туралы материал жариялады. 

«2019 жылы технология саласында үлкен жаңалықтардың бірі орын алады. Ұялы байланыс жүйесі жаңартылып, бірнеше айдан кейін ұялы телефондарда іске қосылады. 5G тек мобильді байланысқа ғана емес, мәліметтер жинайтын және жіберетін өндірістік роботтарға, бақылау камералары мен автокөліктерге де әсер ететін болады.  Бұл жаңа дәуір 4G сымсыз технологияларын басып озып, сапасы жоғары фильмдерді санаулы секундта жүктеп алуға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты мобильді интернет ұсынады. Сонымен қатар, спорт, видеоойындар мен онлайн саудаға да әсер етеді», дейді автор мақалада. 

Оның айтуынша, 5G алдыңғы қатарлы технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану ауқымын арттырады. 

«5G виртуалды шындық саласына ерекше әсер ететін болады. VR қосымшалардың сапасы артып, медицинада да жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Әсіресе, хирургияда көп өзгеріс күтіледі», деп жазады автор. 

Оның айтуынша, 5G Америка Құрама Штаттарында 2019 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады.   


Дереккөз: ҚазАқпарат 


Тегтер: 5G, интернет, байланыс, смартфон, әлем, жаңашылдық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.