Жамбыл облысының екі тұрғыны Қызыл кітапқа енген аңды заңсыз атқан, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Тамыз айының 26 күні түнгі сағат 12:30 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданының аумағында «Охотзоопром» ӨБ бірлескен іс-шара барысында құқықбұзушылық анықталды.
Қызметкерлер «Есқара» құм өңірінен жер таңдамайтын «Тойота» автокөлігінің ізіне түсіп, түнгі сағат 5 шамасында көлікті тексеру барысында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген 2 қарақұйрық аңын заңсыз атқанын анықтады.
Байзақ ауданының екі азаматына ҚР ҚК-нің 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Байзақ аудандық ІІО полиция қызметкерлерімен тергеу амалдары жүргізілуде.