Түркістандағы трагедия: тау басында жоғалған әйелге не болды?

Түркістандағы трагедия: тау басында жоғалған әйелге не болды?

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысының Төлеби ауданындағы тау басында 3 күнге созылған іздестіру-құтқару операциясы аяқталды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Шымкент қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 10 адамнан тұратын жедел-құтқару жасағының екі тобы "Сайрам" мұздығында қаза болған 1981 жылғы әйелдің денесін іздеп тауып, алып шығу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, күрделі операцияға Шымкент қаласының альпинизм, спорттық туризм және құзға өрмелеу федерациясының 6 альпинисі жұмылдырылды. Құтқарушылар альпинистермен бірге 25 тамызда сағат 14.50-де қар еру салдарынан пайда болған мұздық жарықшағына түсіп қаза болған әйелдің денесін тапты. Мәйітті алып шығу құтқарушылар үшін қауіпті операция болды. Себебі еріген қар кез келген сәтте жарықшаққа түсіп, толтыруы мүмкін еді. Ал жарықшақтың тереңдігі 10 метрден асады, ені 50 сантиметр болды. 6 метр тереңдікте тұрып қалған марқұмның денесін құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтар арқылы шығарды. Қазіргі кезде мәйіт тергеп-тексеру мен сараптама қызметінің өкілдеріне тапсырылды. Сондай-ақ, БАҚ мәліметінше туристік топ құрамында марқұм әйелдің күйеуі де болған. Түрлі дене жарақатын алған ол ауруханаға жатқызылған. Бүгінгі таңда оның жағдайы қанағаттанарлық. 23 тамызда 5 адамнан тұратын туристік топ еш дайындықсыз "Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркінің аумағында Қасқасу ауылынан 30 шақырым қашықтықта теңіз деңгейінен 4 236 метр биіктіктегі "Сайрам" мұздығына көтерілген. Тау басында қар жатқандықтан, одан да жоғары көтерілуге ​​тағы бір күн қажет еді. Ешқандай құрал-жабдығы мен тәжірибесі жоқ дайындықсыз топтың алға жылжуға мүмкіндігі болмаған соң, олар төмен түсуге шешім қабылдаған. Алайда таудан түсу де оңай емес екенін топ мүшелері ескермеген. Қайтар жолда қателікке бой алдырған әйел байқаусызда тайып кетіп, мұз жарықшағына құлаған. Ал өзгелері оған көмектесуге әрекет жасағанымен, ешбір нәтиже болмаған.

Жүктелуде...