Қазақстанда екі колония жабылады
Қазақстанда екі колония жабылады

"Осыған байланысты жыл сайын тозығы жеткен, сәулет және техникалық жағынан ескірген колонияларды біртіндеп жабу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өткен жылы төрт мекеме жабылды. Оңтайландыру кезінде облыс орталықтарынан алыс орналасқан мекемелерге де баса назар аударылады. Себебі сол мекемедегі сотталғандарды жұмысқа орналастыру және қызметкерлерді іріктеу кезінде қиындықтар туындайды. Үнемделген қаражат басқа пенитенциарлық мекемелерді материалдық-техникалық жағынан нығайтуға жұмсалады", - деп нақтылады министрлік өкілі.Таратылатын колониялардың қызметкерлері ведомствоның басқа бөлімшелерінде жұмыс істейтін болады. Ал жабылған мекемедегі сотталғандар коммуналдық-тұрмыстық жағдайлары неғұрлым жақсартылған қауіпсіздік деңгейі ұқсас жақын маңдағы мекемелерге тасымалданады. Заңнама талаптарына сәйкес, мекеме әкімшілігі сотталғандардың жазасын өтеу орнына келгені туралы хабарды сотталушының таңдауы бойынша оның жақын туыстары не заңды өкіліне жазбаша түрде жеткізеді. Айта кетейік, 2019 жылы елімізде тұтқындарды барыншы қолайлы жерде ұстау мақсатында төрт мекеме жабылды. УК-161/4 күшейтілген режиміндегі түзеу – еңбек колониясы 1959 жылдың шілдесінде Семиозер ауданының (қазіргі Әулиекөл) Құсмұрын ауылының жанында ашылды. Бастапқыда колония Обаған деп аталды, себебі оның жанында осы колонияның қызметкерлері тұратын шағын ауыл салынған. Қазақстанның шығысындағы колония 1965 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір Шуақ кентінде үш колония бар. ОВ-156/17-де құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері мен бұрынғы шенеуніктер жазасын өтейді.