Жаңалықтар

Интернеті жоқ 243 елді мекеннің оқушылары мектепке барып оқиды

Интернеті жоқ 243 елді мекеннің оқушылары мектепке барып оқиды

 width= Интернетке қосылмаған ауылдарда тұратын оқушылар мектепке барады. Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярощенко мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. "250-ден аз адам тұратын елді мекендерде интернетті қалай қамтамасыз ету керек деген сұрақ туындады. Біздің департамент, ұлттық экономика министрлігі және облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып шешім қабылдады. Бүгінгі күнге дейін 243 елді мекен таңдалды. Ол ауылдарға 2023 жылы интернетке кеңжолақты қосылу желілері салынады", - деді Ярошенко ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында. Сонымен қатар, ол интернеті жоқ ауылдардың оқушылары қашықтан оқымайтынын айтты. "Біз бірнеше рет мектеп оқушыларының ғаламтормен қамтамасыз етілуі, мектептердің интернетпен қамтамасыз етілуі мәселелерін талқыладық. Біздің министрлік білім министрлігімен жұмыс жасады. Нәтижесінде оқушылар әдеттегідей мектепке барып оқитын болды", - деп қосты ол.