Коронавирустың екінші толқыны желтоқсанға қарай күрделене түседі
Коронавирустың екінші толқыны желтоқсанға қарай күрделене түседі
Коронавирустың екінші толқыны жеңіл өтеді. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы директорының бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
«Коронавирус індетінің негізгі толқынын өткіздік» деген пікірдегі адамдармен келісемін. Бізде негізгі толқын осы жылдың маусым-шілде айларында болды. Мұны бізге қолжетімді статистикаға, ауруханаға жатқызу деректеріне қарап айта аламыз. Дегенмен, тіркелген статистикалық мәліметтер шынайы жағдайды көрсете алмайды. Меніңше, мұндай жайт бүкіл әлемде бірдей. Көктемде науқастарды тіркеген кезде жеңіл және симптомсыз формасына, орташа ауыр және ауыр формасына қатысты мүлде басқа ара қатынасты байқаған едік. Бұған қоса, орташа және ауыр формамен ауырғандардың саны басым болды. Коронавирусқа шалдығудың шырқау шегінен өткенімізді білдіретін тағы бір жайт - өкпе қабынуының өте көп болуы. Оның үстіне қазір Денсаулық сақтау министрлігі бұл өкпе қабынуларын ковид деп санап, тіркеуге қосып отыр. Яғни, өкпе қабынуылары ПТР-диагностикалау көмегімен анықталған еді», - деді ол коронавирустың екінші толқының жүру мүмкіндігін талқылауға арналған онлайн жиында.Оның айтуынша, коронавирустың шарықтау шегінен барынша құтылдық.
«Өйткені, енді иммунитеттің бар екендігін білеміз. Коронавирусты қайталап жұқтырып алу деректері бірен-саран ғана. Оның өзі де ағзаның ерекшелігіне, иммунитеттің қалыптасуына байланысты. Жалпы, иммунитет бар. Осыны ескерер болсақ, коронавирустың екінші толқыны біршама жайдақ өтеді. Яғни, маусым-шілдедегідей күрт өршімейді. Біз де, Денсаулық сақтау министрлігі де, жалпы қоғам да дайын болады. Желтоқсанға қарай ол күрделене түседі. Қыркүйек пен қазан айлары біршама тыныш өтеді»,- деді Бауыржан Жүсіпов.