Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Конституцияның 25 жылдығы қалай атап өтіледі?

Конституцияның 25 жылдығы қалай атап өтіледі?

Конституцияның 25 жылдығы қалай атап өтіледі?
ашық дереккөзі
 width= Конституция күніне арналған іс-шаралар онлайн форматта ұйымдастырылады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Елордада Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Атап айтсақ, 10-29 тамызда «Конституция бостандықтың кепілі» ән челленджі басталады. 14 тамыз күні Әл-Фараби атындағы оқу-тәрбие орталығы ашылады. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 15-31 тамыз аралығында иллюстрациялық кітап – онлайн-инсталляция ұсынады. Ал, 25 тамызда «Мен өз құқығымды білемін» атты балалар сурет байқауы өтеді. 26 тамызда Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Ата заңым – ардағым» ақындар байқауы ұйымдастырылса, Қалалық Мемлекеттік архиві 27 тамыз-4 қыркүйек аралығында Конституцияның 25 жылдығына арналған көрме өткізеді. 28 тамыз күні «Наз» мемлекеттік би театры «Ата заң - елдің айбыны, еркіндігі, байлығы» атты онлайн концерт қояды. Сондай-ақ 28 тамызда «халық доп» бойынша «Елордалық балалар – спорттық ауысым» атты чемпионат өтеді. 29-30 тамызда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған ЭМБ қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. «Жастар театры» 30 тамыз күні әлеуметтік желі арқылы «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты онлайн-концерт тарту етеді. Дәл сол күні «Nomad» театры актерлері патриоттық әндермен онлайн құттықтау жолдайды. 30 тамызда елордалық филармония әртістері Астана концерт залында Конституция күніне арналған концерт өткізеді. Сондай-ақ, Конституцияның 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізу,«Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан халқының Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен қоғам белсенділерін марапаттау жоспарланып отыр.  

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату