Алматыда арықтан жаңа туған сәби табылды

Алматыда арықтан жаңа туған сәби табылды

ашық дереккөзі

 width= Арықта бала жата ма? Алматыда жаға туған нәрестені анасы көшеге тастап кеткен. Абырой болғанда куәгерлердің бірі баланың жылаған дауысын естіп, сәбиді бір ажалдан құтқарып қалды. Дүниеге есігін ашпай жатып тастанды болған бүлдіршіннің кіндігін шала кесілген және жұқа жөргекке оралған екен. Әлсіреген бала даңғыл бойында түнімен жатқан. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Жаңа туылған бала Райымбек даңғылының бойындағы №208 үйдің маңындағы дәл осы арықтан табылған. Тұрғындардың бірі түнде келе жатып, шырылдап жылаған баланың дауысын естіп, құзырлы органдарға хабар берген. Бүлдіршіннің көрер күні бар екен. Әйтпегенде мына арықта су болса, түншығып қалуы әбден мүмкін еді". Сәби ит жейдемен туылған. Әйтпегенде дәрменсіз күйде жатқан ол қаңғыбас иттер мен кеміргіштерден зардап шегуі бек мүмкін еді. Абырой болғанда тұрғындардың бірі түнгі бірлер шамасында байқап қалып, көмек қолын созған. Аурухана түнгі екілерде жеткізіліпті. Мамандардың айтуынша, шамамен екі саттай далада жатқан. Тоңып қалған шақалақты бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Айы-күні жетіп туған баланың салмағы 3 келі 200 грамм, бойы 54 сантиметр екен. Анасы босана сала кіндігін шала кесіп, далаға тастап кетіпті. Құрметбек ТОҚТАР, "Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы" ММ бас дәрігерінің орынбасары міндетін атқарушы:

"Аурухана қызметкерлері барлығы бірдей қарап, бірден жансақтау бөліміне көтерді. Барлық керекті ем-шараларды бала алды. Қазіргі таңда баланың жағдайы ауыр, бірқалыпты. Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ".
Қазір полицейлер тоғыз ай, тоғыз күн көтерген баласын далаға тастап кеткен көкек ананы іздестіруде. Күдікті сол маңда тұра ма, жоқ өзге аумақтан келді ме, ол жағын құзырлы органдар анықтайтын болады. Салтанат ӘЗІРБЕК қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:
"Қазіргі тағда Алмалы аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі баланың биологиялық анасының орналасқан жерін анықтау және оны полицияға тапсыру үшін жедел іздестіру шараларын жүргізуде".
Баланың анасы табылмайтын болса, тумай жатып тастанды атанған бейкүнә сәби балалар үйіне тапсырылады. Дәрігерлер нәрестеніңі өміріне қауіп жоқ екенін айтады.

Жүктелуде...