Осыдан он күн бұрын елбасымыздың сүйікті немересі Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаеваның екінші ұлы, елбасымыздың жиен немересі.
1990 жылы 26 тамызда өмірге келген. Австрияда орналасқан Америка халықаралық мектебінің түлегі.
Айсұлтанның әйелі Алима – танымал актер Әнуар Боранбаевтың немересі. 2016 жылдың жазында әке атанып, Амели есімді қыз дүниеге келді.
Ол 2020 жылдың 16 тамыз күні Лондон қаласында көз жұмды. Жүрегі тоқтап қалған.
Тірі болса 30 жасқа толар еді.
Иманды болсын!