Жантүршігерлік қылмыс: 21 жастағы бойжеткенді тұншықтырып, өртеп жіберген

Жантүршігерлік қылмыс: 21 жастағы бойжеткенді тұншықтырып, өртеп жіберген

ашық дереккөзі

 width= Алматы облысында айуандықпен өлтірілген 21 жастағы келіншектің денесі табылды. Әйелді, алдымен, тұншықтырып, суға батырып, кейін мәйітті өртеп жіберді деген күдікпен 28 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасынаи сілтеме жасап. Жантүршігерлік қылмыс 20 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Өрнек ауылында жасалды. Сайора Исламованың денесі бір тәулік өткен соң ауыл шетінен табылды. Келіншек күйеуімен бірге ауылға күнкөріс қамымен келіпті. Сол күні марқұм алқапқа жұмыс істеуге бара жатқан. Қаскөй әйелді тұншықтырып, артынша суға батырған. Кейін ізін жасыру үшін оқиға орнына қайта оралып, мәйітті өртеп жіберген.

"Мен оны суға батырдым. Не жіберудің, не бірдеңе істеудің еш мәні жоқ еді. Қатты қорықтым. Оның үстіне құлап, тамағынан ұстап жаттым солай", - дейді күдікті.
Ауылдастарының айтуынша, ұсталған ер адам еш жерде жұмыс істемейді. Ақша табу үшін астанаға жиі барады, алайда бір-екі аптадан соң, туған ауылына қайтып оралатын.
"Бізбен, күйеуіммен ұрсысып, айтпағанды айтты. Сондықтан оны сабырлы, қақ-cоқпен ісі жоқ адам деп айта алмаймын", - дейді Өрнек ауылының тұрғыны Нәбира Манап.
 

Жүктелуде...