Қазақстан Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасын алатын болды
Қазақстан Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасын алатын болды
Еліміз Ресейдің «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін алады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Қазақстан делегациясын Роман Скляр бастап, жұмыс сапарымен Ресейге барды.
Кездесуде халықты тегін және ерікті түрде иммундау үшін COVID-19 вакцинасын сатып алу және қолдану мәселелері туралы талқылау болды.
Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «СҚ-Фармация» арасында «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін сынақтардың барлық сатыларынан өткеннен кейін бөлу туралы өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан үшін қажетті көлемді Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жүргізуге дайын.
Ал вакцина барлық клиникалық сынақтардан өткеннен кейін ғана мүмкін қолданысқа енеді.