Коронавирусты қайта жұқтырған қыз аурудың қорқынышты белгілері туралы айтты
Коронавирусты қайта жұқтырған қыз аурудың қорқынышты белгілері туралы айтты

"Төсектен тұрған кезде, мас адамдай тәлтіректеп қалатын едім. Иіс сезу қабілетім де жоғалды. Вирусты бірінші рет жұқтырғанда, мұндай симптом болмаған еді. Мен ешқашан бұлай жаман ауырған емеспін", деп ағынан жарылды ол.Үш күн өткен соң, қыздың жағдайы жақсарған. Алайда коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Вирус қайта жұғып жатыр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавируспен ауырып шыққан адамдар вирусты қайта жұқтыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Десе де, мұндай деректер бірлі-жарым ғана, деп сендірді ұйым. 24 тамызда Гонконгте 33 жастағы ІТ маманы екінші рет вирус жұқтырғанын хабарлады. Ер адам коронавирустан сәуір айында жазылып шыққан. Алайда тамыздың басында оның коронавирусқа тапсырған тесті тағы оң нәтиже көрсетті. 25 тамызда Тува басшысы Шолбан Кара-оол да індетке қайта шалдыққанын мәлімдеді. Айтуынша, бұл жолы аурудың белгілері біраз өзгеше. Ол басы қатты ауыратынын жеткізді. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі адам COVID-19-бен, шынымен де, бірнеше рет ауырып шығуы мүмкін екенін атап өтті. Бұл әр адамның иммундық жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты. Коронавирусты қайта жұқтыру оқиғалары Белгия мен Нидерландыда да тіркелді.