Осы жылдың қаңтар-шілде айларында парақорлыққа байланысты 877 құқықбұзушылық тіркелді, бұл былтырғыға қарағанда 3,2%-ға көп, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі Ranking порталына сілтеме жасап.
«Шілде айында 56 парақорлық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 69,7%-ға көп. Маусым айында бұл қылмыс бұдан екі есе аз тіркелген», - дейді олар.
Жеті айдың қорытындысы бойынша парақорлықтың ең көбі Батыс Қазақстан облысында: 100 оқиға тіркелді.
Алғашқы үштікте Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстары бар. Әрбірінде 75 құқықбұзушылық оқиғасы тіркелген.