weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
13 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Медбике өлімге араша түсе алмағанына жылады

Медбике өлімге араша түсе алмағанына жылады

Медбике өлімге араша түсе алмағанына жылады
ашық дереккөзі
Індетпен күресуде ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен екені айтпаса да түсінікті. Аурудан айықтыру, өлімге араша түсу медицина қызметкерінің қашанда парызы болмақ. Әйтсе де олар да сіз бен біз секілді пенде. Өз өмірлерін қатерге тігіп, қызмет атқаруына тура келеді. АҚШ-тағы Нью-Йорк ауруханасында медбике болып жұмыс істейтін Дэниель Шмолл емделушінің қазасына қайғырып, көз жасына ерік берген деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі korrespondent.net-ке сілтеме жасап. Медбикенің сөзіне сенсек, ең қиыны өміріне араша бола алмаған марқұмдардың туыстарына хабарлау екен. Бұл туралы 35 жастағы Дэниэль Шмолл, медбике ұзақ уақыт кезекшіліктен соң, видео түсіріп, мән-жайды айтқан. "Бүгін өте ауыр күн, ерекше ауыр күн болды. Бұндайды ешкім көтере алмайтыны анық. Бұдан кейін палаталарға кіріп, аурулардың қайтыс болып жатқанын көруге дәтім шыдамайды",-дейді Шмолл. Сондай-ақ кезекшіліктен шыққан ол, үйіне жеткенше жылап келгенін айтқан. Бүгінде АҚШ індеттен қайтыс болушылардың саны бойынша бірінші орынға шығып отыр. Бір тәулікте 2 мыңға жуық адам қайтыс болған.