Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Маған тіпті ипотека да берілмейді»: үш бауырымен қалған бойжеткен көмек сұрады

"Маған тіпті ипотека да берілмейді": үш бауырымен қалған бойжеткен көмек сұрады

«Маған тіпті ипотека да берілмейді»: үш бауырымен қалған бойжеткен көмек сұрады
ашық дереккөзі
 width= 19 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, студент Ділнас Шәріпбаева қазақстандықтардан көмек сұрады. Ол бесінші тамыздан бастап төрт адамнан тұратын отбасының үлкені. Бойжеткен үш жасөспірім бауыры - екі інісі мен бір сіңлісін қамқорлығына алды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. "2007 жылы әкем жіті ми қан айналымы мен созылмалы жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігінен қайтыс болды. 2020 жылдың 8 шілдесінде анам Covid-19-дан көз жұмды. Бір айдан кейін, 5 тамызда үлкен ағам суға кетіп қайтыс болды. Ол небәрі 28 жаста еді. Мен бір сәтте өте қиын жағдайға тап болдым, өйткені менің қолымда 12, 14, 16 жастағы үш бауырым қалды", - дейді бойжеткен. Анасы қайтыс болғаннан кейін бойжеткен бауырларын өз қамқорлығына алып, құжаттарын рәсімдеді. Енді ол бауырларына білім беруі керек, алайда қаржы жағынан қиналып отыр.
"Қазір жұмыс істеп, Нұр-Сұлтан қаласында пәтер жалдап жатырмын, бірақ менің тапқан ақшама балаларды асырау және үйдің ақшасын төлеу мүмкін емес. Мен үйге кезекке тұруға тырыстым, алайда үй кезегіне тұруға болатындардың бірде-бір санатына сай келмеймін. Мен 19 жастамын, маған тіпті ипотека да берілмейді", - дейді Ділнас.
Бойжеткен мұндай жағдайда кімнен көмек сұрарын білмей отыр, себебі мемлекет тарапынан үй алып беру жағдайы қарастырылмаған. Сондықтан ол барша қазақстандықтан көмек пен кеңес сұрады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату