Той жасағандар туралы хабарлағандарға ақша төленбек
Той жасағандар туралы хабарлағандарға ақша төленбек

"Біз түрлі мерекелік жиын өткіздер жайлы айтқандарға қосымша сыйақы тағайындау туралы бастама көтеріп отырмыз. Біреулер бұны сөз тасу деп қабылдауы мүмкін. Алайда бұл - қате түсінік. Бұл әрекет қоғамға пайдалы іс болмақ. БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін қадағалау қызметіне немесе полицияға хабарлассын. Біз сол үшін ақша төлейміз. 130 мониторинг тобы күні бойы тексеріс жұмыстарын жүргізумен айналысады. Арнайы комиссия той жайлы хабарлағандарға қанша ақша төленетіні жайлы шешім шығарады", - деді Ғали Есқалиев.Қазіргі таңда бұл бастаманы жүзеге асыру үшін, тіпті, әкімдіктен ақша бөлінген.