"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси клуб басшылығына командадан кету туралы шешім қабылдағанын ескертті, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, "Барселона" Мессиден бюрофакс алған. Онда футболшының клубтан кеткісі келетіні жазылған. Месси келісімшарттағы баптың артықшылығын пайдаланған. Құжатта әр маусымның соңында ойыншыға клубпен біржақты тәртіпте келісімшартты бұзуға мүмкіндік беретін тармақ бар екен.
Барселона бұл тармақты қазір қолдану мүмкін емес деп санайды. Себебі ол 10 маусымда аяқталған. Мессидің пікірінше, коронавирус пандемиясына байланысты маусым жақында аяқталған әрі келісімшарттағы тармақты осы жағдайды ескере отырып өзгертуге болады.
Каталониялық клуб Мессиден командадан кеткісі келетіндігі туралы ресми хабар алғанын растады. Алдағы уақытта "Барселона" директорлар кеңесінің шұғыл отырысы өтеді.