weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарызы бар ауылдасының итін үш жігіт сойып жеген

Қарызы бар ауылдасының итін үш жігіт сойып жеген

Қарызы бар ауылдасының итін үш жігіт сойып жеген
ашық дереккөзі
 width= 22 тамызда күні Большая Малышка елдімекенінің тұрғыны полицияға арызданды. Айтуынша, үш ауылдасы оның итін жеп қойған. Ол үшеудің біреуіне 6 мың теңге қарыз болған. Соның өтеуі ретінде итін берген. Алайда ауылдастары ол итті үй күзету үшін емес, жеу үшін алған екен. Үш ер адам итті Есіл өзенінің жағасында ұрып өлтіріп, сойып, отқа қақтап жеген, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Иттің дауысы мен оны ұрып жатқанын жақын маңда балық аулап отырған 12 мен 16 жастағы екі жасөспірім естиді. Кейін үйіне кетіп бара жатқан балалардың бірі үш ауылдасының сары итті ағашқа асып қойып, сойып жатқанын көрген. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Оның қасында болған 34 және 38 жастағы екі сыбайласынан жауап алынды. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Жануарларға қатыгездік жасау» бабы бойынша тіркелді.
«Оқиғаға қатысы барлардың бірі иттің етін жеуден бас тартқан. Алайда үшеуі де өз әрекеттерін оғаш ештеңе байқамайды. Сот олардың пікірін өзгертеді деген сенімдеміз. Жануарларға қатыгездік көрсеткендерге заң бойынша 120 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 120 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тарту, не болмаса 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамау жазасы қарастырылған», - деді Қызылжар ауданы ПБ бастығы Әлихан Байқадамов.